(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ГАЗ-МАЗУТТЫҚ ҚАЗАНДЫҚТАРДЫҢ ЖАНУ ПРОЦЕСІН РЕТТЕУ ЖҮ...

Қазақстан Республикасы

Энергетика министрінің

2016 жылғы 30 желтоқсандағы

№ 580 бұйрығына

8-қосымша

 

Осы редакция 2025 жылғы 27 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Газ-мазуттық қазандықтардың жану процесін реттеу жүйесін ретке келтіру жөніндегі әдістемелік

нұсқаулар

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Газ-мазуттық қазандықтардың жану процесін реттеу жүйесін ретке келтіру жөніндегі әдістемелік нұсқаулар (бұдан әрі - Әдістемелік нұсқаулар) «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 70-14) тармақшасына сәйкес әзірленген және жылу энергетикалық қондырғыларды автоматты реттеу жүйелеріне қолданылады әрі газ-мазуттық қазандықтардың жану процесінің автоматты реттеу жүйесін құру бойынша схемалық ұсынымдарды қамтиды.

2. Осы Әдістемелік нұсқауларда мынадай негізгі ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:

1) автоматты реттеу жүйесі - берілген физикалық шамалардың тұрақтылығын ұстап тұру жүйесі;

2) объектінің динамикалық сипаттамасы - кіріс ауытқу параметрлерінің вариацияларынан шығу шамасының уақытында өзгеруінің тәуелділігін белгілейтін теңдеу;

3) объектінің статикалық сипаттамасы - орныққан әртүрлі режимдерде реттелетін шаманың реттеушілік ықпалға тәуелділігі;

4) реттеуші орган - басқарылатын объектіге тікелей ықпал ететін әсерлер тізбегіндегі элемент;

5) Вентури құбыры - газдар мен сұйықтықтар ағынының шығысын немесе жылдамдығын өлшеуге арналған, құбыржолдың жарығына қосылатын түтігі бар құбыр болып табылатын құрылғы.

Осы Әдістемелік нұсқауларда пайдаланылатын өзге ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылады.

 

 

2-тарау. Газ-мазуттық қазандықтардың жану процесін автоматты реттеу жүйелері бойынша схемалық шешімдер

 

3. Осы Әдістемелік нұсқауларға қосымшаның 1, 2, 3, 4 және 5-суреттеріне сәйкес электр станцияларындаға жану процесін реттеудің автоматты жүйелерінің құрылымдық схемалары ұсынылған.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.